Тоқаев пен Шарль Мишельге "жасыл" сутегін өндіру және тарату орталығының жобасы таныстырылды

Сурет: akorda.kz
"Ақорда" резиденциясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельге Маңғыстау облысында "жасыл" сутегін өндіру және тарату орталығын құру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инвестор Svevind Group компаниясы Маңғыстау облысында қуаты жылына 2 миллион тонна болатын "жасыл" сутегі өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Жоба бойынша тәулігіне қуаты 255 мың текше метр су тұшытатын қондырғы, 40 ГВт жаңартылатын энергия станциясын (жел, күн) және негізінен экспортқа немесе ішкі нарықта тұтынуға арналған 20 ГВт су электролизі өндірісін салу әрі пайдалану көзделіп отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында, құрылыс кезеңінде шамамен 3500, нысандарды кезең-кезеңімен іске қосу кезінде 1800-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында маман даярлау үшін Германия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату қарастырылған.

Бұдан бөлек, инвестор есебінен инфрақұрылымдар салу және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әлеуметтік міндеттемелер төлеу жоспарланып отыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады