Тоқаев: Атырауда 10 жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі қолдануға берілмеген

Сурет: akorda.kz
Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылысы 10 жылға созылған Концерт залын салып бітіруді, қажет болса инвесторлар тартуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атырау әрбір тұрғынға қолайлы, таза, заманауи қалаға айналуға тиіс" деген Президент Қалада кейбір нысандардың құрылысы көп жылдан бері тоқтап тұрғанын тілге тиек етті.

10 жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі пайдалануға берілген жоқ. Тіпті, оның ғимараты жарамсыз күйге түсті. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, осындай нысандарды салып бітіру мәселесін біржола шешуге тиіс. Қажет болса, инвесторларды тартыңыздар. Халық мұндай ғимараттардың игілігін көруі қажет Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы облыстағы мәдениет саласын дамытуға ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Қалада мәдениет орындарының көбірек болғаны жөн. Мен Атырау қаласында дарынды жастар үшін мәдениет және шығармашылық орталығын салуды тапсырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа орталыққа қазақ күй өнерінің алыбы –Құрманғазының есімін беруді ұсынды.

Қазақстан
Атырау
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді