Біздің ұлттық ерекшелігіміздің басты символдары – көк байрағымыз, төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз. Өзге елдер Қазақстан азаматын, ең алдымен, осы құндылықтар арқылы танып біледі.Тоқаев
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев берекелі қоғам және мықты мемлекет құрудың тағы бір маңызды шарты – әлеуметтік әділдік екенін қоса кетті. Онсыз ешбір сала дамымайды. Әділетсіз шығарылған шешім қоғамға іріткі салып, жұрттың наразылығын тудырады.
Сондықтан ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Біз ішкі және сыртқы саясатта, жалпы, барлық салада осы ұстанымды сақтаймыз. Өйткені, бұл – тұрақтылықтың, татулық пен тыныштықтың басты кепілі. Әділдік бар жерде заң сақталады, тәртіп бұзылмайды. Біз осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, жаңа қоғам құрамыз. Мемлекет басшысы
Осы орайда, Тоқаев ел ағаларының жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруі аса маңызды екенін айтты. Басты құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа байыппен түсіндіріп, санасына сіңіру – бәрімізге ортақ парыз.
Осында отырған азаматтар, сіздер де осы жұмысқа мол үлес қосасыздар деп сенемін, - деді мемлекет басшысы.