Тоқаев елордалық өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада отқа оранған көпқабатты тұрғын үйден бірнеше адамды аман-есен алып шығып, ерекше ерлік танытқан елордалық өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және  авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Забикулин Асқар Серікұлы I дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын;

 

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Кемпіров Аян Алматұлы III дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын.

 Аталған Жарлыққа 17 қарашада қол қойылды.

Айта кетсек, 17 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жансақтау бөлімінде жатқаны, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды. Ол 3 дәрежелі күйік алды.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ-ның тағы бір қызметкері, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров те зардап шекті. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады.

16 қарашада "КаҺарман" тұрғын үй кешенінің 11-қабаттағы пәтері отқа оранды. Өртенген пәтерде адамдар болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, соның ішінде бір баланы құтқарып, одан бөлек тағы 10 адамды эвакуациялады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады