Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды.


"Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен. Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді. Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!".Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның барлық шіркеуінде Рождество қарсаңында 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Құдайға дұға-тілектер оқылып жатыр. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды