Тоқаев Ақмола облысының әкімін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір экономикасының бірқатар саласында өсім қарқыны байқалады. Ақорда атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асады. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі шамамен 1,4 триллион теңгені құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция өсімі сақталып отыр. Экономиканың барлық саласында 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, соның ішінде 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы, Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысы, бірқатар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы, елорда маңындағы аймақтардың дамуы, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету жұмыстары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Маржықпаев Ермек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді