Президент тың бастамаларды ойластырып жатқанын, оны сайлаудан соң жариялайтынын айтты

Сурет: akorda.kz
"Тиісті заңдарымыз бар, оларды қатаң сақтауымыз керек" деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

"Мен бірнеше рет айтқанымдай, бізге, ең әуелі, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Азаматтарымыз елде оң өзгеріс болып жатқанын үнемі сезінуі қажет. Ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн. Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет екенін, елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланатынын айтты. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек.


"Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады