Тоқаев: Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады

Сурет: akorda.kz
13 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте ескерткіш қою ісін сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше,соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды.

"Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келетінін, өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатқанын айтты


"Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр".Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды