Марат Әшім ҚР Президентінің протокол қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

Сурет: akorda.kz
15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызметті бұған дейін Дмитрий Михно атқарып келген еді. Ол 15 наурыз күні қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Марат Әшім 1987 жылы 13 мамырда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия Институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан қаржы корпорациясы қызметінде заңгер болып бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті Кадр жұмысы басқармасының атташесі қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы болды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президенті протоколының референті, консультанты, инспекторы қызметтерін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің протоколы бөлімінің меңгерушісі де болды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің протокол қызметі жетекшісінің орынбасары болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды