Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала есеп бойынша, Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтері "өлі жандарға", үлестес тұлғаларға есептеу арқылы 2 млрд теңгеге жуық ақша ұрлады деп айтуға негіз бар. Аудит әлі жүргізіліп жатыр, бұл сома әлі нақтыланатын болады. Тінту барысында күдіктіден 1 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, оның едәуір бөлігі шетел валютасында болды".Асхат Жұмағали
Оның айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды.
Антикор басшысы күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде шамамен 14 пәтер, жеті коммерциялық үй-жайдың құжаттары табылғанын да атап өтті.
"Тергеу әлі жүргізіліп жатыр, соңғы қорытындыны сот шығарады. Біз шамамен есептедік: егер бұл қаражат көзделген мақсаттарға жұмсалғанда, онда Жетісу облысының әрбір мұғалімі қосымша 800 мың теңгеден ақша алар еді. Бұл тек бір аймақта, тек қалалық деңгейдегі білім бөлімінде болған жайт". Асхат Жұмағали
2023 жылы 19 сәуірде Талдықорғанда миллиардтаған соманы жымқырды деген күдікпен білім бөлімінің қызметкерлері ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, алдын ала залал көлемі – 2 млрд теңгеге жуық, одан бөлек істің фигуранттарына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанға, қымбат автокөліктерге бұғат қойылды.