"Құтырған джентльмен". Желідегі жүргізушінің видеосына қатысты полиция түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүріп келе жатқан көліктің жүргізушісі жанындағы жолаушылар орындығына өтіп, қосылып тұрған әуенге елітіп билейді. Бұл уақытта жүріп келе жатқан көліктің тізгіні бос қалып, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Іздестіру іс-шаралары барысында видеодағы азамат анықталып, оған қатысты алты әкімшілік іс қозғалды". Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі


Атап айтқанда,  ҚР ӘҚБК 590-бабы, 9-тармағы - "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" (5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл), ҚР ӘҚБК 593-бабы, 1-тармағы - "Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау" (5 АЕК мөлгерінде айыппұл), ҚР ӘҚБҚ 630-бабы, 1-тармағы - "Жолдарды және темір жол өткелдері мен басқа да жол құрылыстарын бүлдіру" (2 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБК 595-бабы 1-тармағы - "Маневр жасау қағидаларын бұзу" (5 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБҚ 230-бабы, 2-тармағы - "Міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу" (10 АЕК мөлшерінде айыппұл),  ҚР ӘҚБК-нің 593-бабы 2-тармағы - "Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау"  (5 АЕК мөлшерінде айыппұл) бойынша  іс қозғалды.

Сонымен қатар, жүргізушімен алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзбау жөнінде профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілгені де нақтыланады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі