Атырауда 23 жастағы жігіт биіктен секіріп өлмек болды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Атыраулық полицейлер 16-шы қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 мамырда сағат 3:06 шамасында 102 арнасына Алмагүлы қшам ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16 қабатынан белгісіз ер адамның секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары Айдос Кубиев пен Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп, тез арада жоғары қабатқа көтерілген.


"Ер адам олардан өзіне жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, ығайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап, арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген", делінген полиция хабарламасында.

Қазір 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті