"Түзел, тік тұр!" Алматыда кешенді полиция күштерінің бірыңғай сап түзеуі өтті

Сурет: polisia.kz
Оған патрульдік полиция полкінің, мамандандырылған батальонның нарядтары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жапсырмалар мен эмблемалардың дұрыстығына, қызметтік куәлікке, шаш үлгісі мен тиісті аяқ киімнің болуына, сондай-ақ автокөлік пен техникалық құралдардың жай-күйіне ерекше назар аударды.

"Қаладағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау сіздерге қылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар саптүзеуде қызметкерлер түрлі құқық бұзушылықтар бойынша бағдарларды және командирлердің нұсқауларын тыңдады.

Ведомстволық талаптарға сәйкес, полицияда саптық байқаулар жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде, яғни жылына екі рет өткізіледі. Бұл жеке құрамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға дайындығын тексеру үшін қажет. Өңірлерде мұндай саптық байқаулар ауа райына байланысты әртүрлі уақытта өтеді.

Әрбір полиция қызметкерінің келбеті жинақы және ұқыпты болуы керек. Қызметкерлер киім кию ережелерін сақтауы тиіс. Себебі тәртіп осыдан басталады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда