Жаңаөзенде әкімдік алдына заңсыз жиналғаны үшін ұсталған 17 адам босатылды

Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіп бұзған 17 адам полиция басқармасына жеткізіліп, профилактикалық әңгіме жүргізілген соң олар үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 мамырда сағат 12:00 шамасында Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелгенін хабарлайды.

Атап айтқанда жиналғандар ескертуге қарамастан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы - "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын бұзып, наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді. 

"Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді. Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Кейін олар үйлеріне жіберілді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының әкімі бір топ жұмыссыз азамат әкімдік алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтындарын мәлімдегенін растаған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады