Ninety one ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшісі болды

Cурет: ЮНИСЕФ
Ninety One мүшелері балалар құқығын қорғау және насихаттаумен айналысатын әлемдегі танымал тұлғалардың қатарына қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ninety One тобының мүшелері Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі болу олар үшін үлкен мәртебе екенін айтты.

"ЮНИСЕФ біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде үлкен жұмыс атқарып келеді және біз бұл жұмысқа қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Музыка адамдарды жақындастырады. Осы ретте біз де музыкамыздың көмегімен адамдардың жүрегіне жол тауып, санасын қозғап, Қазақстан балаларын мазалайтын маңызды мәселелерді айта аламыз деп үміттенеміз", - деді топ мүшелерінің бірі.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері ретінде бұл топ балалардың онлайн және офлайн режимінде кездесетін түрлі қиындығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Бұл ретте интернеттегі психикалық денсаулық пен қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылмақ. Топ мүшелері балалардың құқығын қорғау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, олар арқылы жастарды толғандыратын мәселелерге де назар аудармақ.

Британдық актер Орландо Блум да - ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды