Алматыда заң бұзған ер адам полиция көлігінің салонына 30 мың теңге лақтырған

Сурет: видеодан алынды
Тоқтатылған көлік жүргізушісі мамандандырылған патрульдік полиция батальонының инспекторына 30 мың теңге көлемінде пара бермек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

BMW көлігін тізгіндеген М. есімді азаматты Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Оның жүргізуші куәлігі жоқ және оны ешқашан алмағаны белгілі болды.

Ол бірден көлік жүргізуден шеттетілді. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде жүргізуші инспекторлардың қызметтік көлігіне жақындап, артқы сол жақ есікті ашып, салонға ақшаны лақтырып жіберген.

"Бұл жайтты бірден байқаған инспектор кезекшіге хабарлаған. Тергеу-жедел тобы банкноттарды тәркіледі. Пара беру дерегі ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деді Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Сондай-ақ бөлімшеде жыл басынан бері integrity check жобасы аясында алматылық полицейлер пара берудің 16 дерегін хабарлағанын атап өтті.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды