Талдықорғанда жалған медициналық құжаттарды сатумен айналысқан топ құрықталды

Сурет: видеодан алынды
Ұсталғандарға медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін жалған медициналық сертификаттарды дайындау және сату, клиникалық практикаға рұқсаттар, сондай-ақ біліктілік куәліктерін ұсыну бойынша айыптар тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтың құрамында бағдарламашы, бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері және жеке медициналық орталықтың медбикесі болған.

Оларды анықтау және кейін ұстау прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция барысында мүмкін болды.


"Күдіктілерден ондаған ұялы телефон, көптеген банктік және флэш-карталар, компьютерлік техника, қатты дискілер, әр түрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің бірнеше адамдардың атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәліктері табылды. Еліміздің түрлі өңірлерінен тапсырыстар түскен деп шамалап айта аламыз", - деді Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.


Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды