Қазақ даласында өсетін дәрілік өсімдіктер келесі жылдан бастап ақылы болады

Сурет: Zakon.kz
Осындай норманы қамтитын жаңа заң фармацевтика, азық-түлік және техникалық өнім өндіретін отандық кәсіпкерлерге ғана арналған. Салық мөлшері жиналатын шөптің түріне, көлемі мен құндылығына байланысты белгіленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жаңа ереже ауылшаруашылық мақсатында және жекеменшік учаскелерінде өсімдік өсіретін шаруаларға қатысты жоқ екені баса көрсетілген.  


"Кедендік статистика деректері бойынша, мия тамырын өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Түркия және АҚШ болып табылады. Мысалы, Қытайға 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін 40 мың тоннадан астам мия тамыры экспортталған. Қараусыз қолданылуына байланысты дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді бақылаусыз жинау көлемінің өсуіне сыртқы нарықтардағы сұраныстың артуы ықпал етеді". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды