ЖШС қызметкері 34 млн теңгені өз мақсатына жұмсаған деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақмола облысындағы ЖШС-лердің бірінің қызметкері 34 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақша ұрлау фактісі туралы шағым Аршалы ауданының полиция бөліміне 9 маусымда келіп түсті.

ЖШС басшысы 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынның қаржы жағына жауапты қызметкерлерінің бірі 34 млн теңге жұмсап жібергенін айтты.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін немесе қаражатын иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Тергеушілер жүргізген жедел іс-шаралар барысында ЖШС қызметкерінің өнімділігі жоғары асыл тұқымды малды шетелден сатып алуға бөлінген ақшалай қаражаттың тек жартысын ғана төлеп, қалғанын өзі иеленгені анықталды. Ер адам иемденген ақшаны жұмсап жіберген". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта оның іске қатысты деңгейі анықталу үстінде. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді