Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің үстінен билік өкілдерін қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚК 378-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша азамат А-ға қатысты қылмыстық іс тіркелгені туралы ақпаратты Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі ұсынды.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті есірткіге елітіп көлік құралын басқарғаны үшін ұсталған адам Алматы қаласы бойынша МАӘС-тың 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешіміне сәйкес Алматы қалалық ПД-ның әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы қабылдау орнында екенін нақтылады. 

Медициналық тексеруге сәйкес, оны әкімшілік қамаудан босату бойынша ешқандай көрсетілімдер жоқ.

Аталған қылмыстық істі Алматы қаласы ПД-ның Анықтау басқармасы қолға алған.

Полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусымда түстен кейін ұстады.

Полиция жетонына түскен кадрлардан әншінің өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбағанын, балағат сөздер айтқанын және ұстау орнынан қашуға тырысқанын көруге болады. 

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің адвокаты полицейлер Тореғали Төрәліні ұстау кезінде заңсыз әрекеттерге барғанын айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі