"2013 жылғы желтоқсанда Халықаралық сауда палатасының Стокгольм арбитражы Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарды. Қазақстан Республикасы бұл шешімге екі рет шағымдануға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Стати, шешімді мәжбүрлеп орындау жөніндегі науқан шеңберінде 2017 жылы Ұлттық қордың қаражатына тыйым салынды, оның мүдделерін Ұлттық банк білдіреді. Айта кету керек, Ұлттық банк Брюссель соты арқылы Швецияда аталған қаражатты өндіріп алуға шектеу қойды, ол бойынша 2023 жылдың шілде айында шешім шығарылады деп күтілуде", делінген ҚР Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құзырлы ведомство мәліметінше, 2023 жылдың 16 қаңтарында Швецияның апелляциялық соты Ұлттық банкке апелляциялық өтінішхат берілген Ұлттық қордың қаражатына қатысты мәжбүрлі атқарушылық шаралардың күшін жоюдан бас тартты.
"2023 жылы 14 маусымда Швецияның Жоғарғы соты Стати ісі бойынша Ұлттық бантің аппеляция беру құқығын қабылдамады. Қазақстан шешімнің күшін жоюға арналған жұмыстарды жалғастырады, делінген хабарламада.