Тоқаев ТМД елдерінің жалған тауар белгілері келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған келісімнің заң жобасы 2023 жылдың 8 маусымында ҚР Парламенті Сенатында қаралып, мақұлданған.

Келісімнің мақсаты - тараптарға жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулары жазылған тауарларды өндіру және өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ мұндай тауарларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Келісім жалған тауар белгілері мен географиялық ңұсқаулары бар тауарларды өндіру және өткізудің анықталған фактілері туралы ақпарат алмасуды, семинарлар мен конференциялар өткізуді, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастықты, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен алмасуды және басқа да іс-шараларды көздейді.

Сондай-ақ аталған келісім күшіне енген күннен бастап Қазақстан қатысушысы болып табылатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы келісім өз қолданысын тоқтатады.

Қазақстан
ТМД

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды