Абай облысындағы өрт ісі бойынша Юрий Ильиннің мәртебесі қандай – құзырлы орган жауабы

Сурет: primeminister.kz
Бас прокурор Берік Асылов Абай облысындағы өрт ісі бойынша ТЖМ-ның экс-басшысы Юрий Ильин кім ретінде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері экс-министр Юрий Ильиннің Абай облысындағы өрт ісі бойынша қандай мәртебеге ие екендігін сұрады: куәгер ме әлде жауапқа тартылушы ма?

"Одан куәгер ретінде сұрақ-жауап алынды, бар болғаны сол. Оның ешқандай мәртебесі жоқ, куәгер ретінде де. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Берік Асылов.


Ол бұл іс бойынша жоғары лауазымды шенеуніктердің ешқайсысынан әлі жауап алынбағанын айтты.


"Өрт әлі сөндіріліп жатыр, сондықтан біз мамандар мен өрт сөндірушілерге кедергі жасамайық дедік. Өрт қалай сөндіріледі, солай тергеу барысында біз сұрақ-жауап алуды бастаймыз", - деді ол.

19 маусымда Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өрттің әлі сөндірілмегенін айтты. Ол өрт оқшауланғанымен, оны толық жойылды деп айтуға әлі ерте екенін баса атап өтті.

Ильин Юрий
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды