Алматыда массаж салоны атын жамылған тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер тұрғын үй кешенінде интимдік қызмет көрсеткен массаж салонын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Таугүл-3 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салон ретінде жұмыс істеген.

Полиция ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін арнайы жабдықталғанын атап өтеді.

Тексеру барысында "жұмыс орнында" бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды.


"Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К.есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет", – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді