Алматыда бес бірдей нысанды күлге айналдырған өрттен келген шығын есептеліп жатыр. Оттың нақты неден тұтанғаны да әзірге белгісіз, деп хабарлайды КТК.
"Адамдар болды. Бірақ ана жақтағы көрші ғимарат жанып жатқан кезде оларды шығарып үлгердік. Шығып үлгерді. Мына аумақтың бәрін босаттық. Өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Бірақ бәрібір қатты жалын болды. Банкет залы ғой. Енді есептеп жатырмыз. Кінә бізден емес, от бізден шыққан жоқ. Басқа жақтан келген өрт". Тойхана иесі Нұржан
Гараждан шыққан өрт күшіне мініп, жапсарлас орналасқан дәмханаға жеткен. Абырой болғанда дәмхана ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгеріпті. От сол маңдағы мейрамхана мен фаст-фуд сататын нысандарға да жеткен. Бар-жоғы 20 минуттың ішінде қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ.
"Өрт 20 сағат 00 минутта оқшауланып, 16 минутта жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, 64 адам бірліктіріліп, 18 техника жұмылдырылды. "Алматы судың" екі техникасы, "Алматы тазалықтан" бір техника жұмыс істеді". Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Абай Асылбаев
Алматыда 19 маусымда гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқаны, алдын ала ақпарат бойынша, өрт шамамен 500 шаршы метрді қамтығаны хабарланған болатын.