Қайғылы жол апатына түрткі шымкенттік өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

2022 жылы көктемде есірткіге масаң күйде рөлге отырып, жылдамдықты асыра пайдаланып, бағдаршамды елемей, ақыры үш адамның өмірін жалмаған жол апатына түрткі болған Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың көктемінде Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі есірткіге масаң күйде Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойымен белгіленген жылдамдықтан асырып тыйым салынған бағдаршамға мән бермей жүйткіген. Әл-Фараби көшесінің қиылысынажеткенде ол Hyundai Starex көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Toyota Alphard қарсы жолаққа шығып кетіп, Daewoo Gentra көлігін соққан. Салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 4-бөлігімен СДТБТ-не тіркеді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Сот үкімімен қылмыскер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: