Ақмола облысында артиллериялық снаряд табылды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақмола полицейлері Ерейментау қаласындағы қараусыз қалған полигоннан артиллериялық снарядтың табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ерекше затты аудан орталығының тұрғындары Ерейментау қаласының шетіндегі қараусыз қалған қоқыс полигонының аумағында металл жинау кезінде кезіктірген. Снарядты көрген ақмолалықтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.


"ПД техниктерінің бастапқы тексеру қорытындысына сәйкес, бұл зат коррозиямен толық тот басқан 125 мм фугасты снаряд екені анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған қару сол жерде жойылды жән оның сынықтары сараптамаға жолданды", делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз