"Саусақтарын шапқан". Өзбекстан азаматы көрші келіншекті қызының көзінше өлтірген

Сурет: iiv.uz
Өзбекстандағы Наманган қаласының тұрғыны тұрмыстық жанжал кезінде ет шапқымен көрші келіншекке тап беріп, оны аяусыз өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көршілер арасындағы шиелініс 12 маусымда басталыпты. Жер дауы кезінде ер адам лом темірмен әйелге қарай тұра жүгіргенде сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан, деп жазады UzNews.uz Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ол кезде 31 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Бірнеше күннен кейін көршісі егіз інісімен бірге әйелдің үйіне тағы келеді. Олардың қолында ет шапқы мен пышақ болған. 

Көршісі үйден шыққан бетте ер адам оған шабуыл жасап, бірнеше рет ет шапқымен қарнынан ұрып, содан кейін саусақтарын шауып тастаған. Жантүршігерлік оқиға әйелдің кәмелетке толмаған қызының көз алдында орын алған.

48 жастағы әйел алған жарақаттарынан мерт болды.

Қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қамауға алынды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды