Ақтөбеде ұлын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз баласын аса қатігездікпен өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сотталушының кінәсі полиция жинаған іс материалдарымен және заттай дәлелдемелермен, жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ жәбірленуші мен сотталушының айғақтарымен дәлелденді. Сот үкімімен ол ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2022 жылы 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі үйдің ауласынан 5 жасар Данил Ахунов жоғалып кеткен болатын. Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман алқаптары және кәріз құдықтары тексерілді. Сүңгуірлер жақын маңдағы су айдындарын қарады. Іздеу шараларының нәтижесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар жоғалған баланың мәйіті табылды. Тергеушілер мен жедел қызмет қызметкерлердің сауатты жоспарланған және уақытылы жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыс ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың әкесін анықтап, ұстаған болатын.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды