Бас прокуратура: Қазақстанда 3500 кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

Сурет: gov.kz
Прокурорлар кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура органдары мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге екі ай мерзімінің өтуіне қарамастан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (МӘМС туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.


"Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады. Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды. Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жалғасып жатыр". Бас прокуратура

Қазір ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесі салық органдарымен тоқтатылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады