Шымкент полициясы гүл сататын дүкендегі "прокурордың ұлы" деген ақпаратқа қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желіде "Romantic" гүл дүкеніндегі оқиғаға прокурорлардың қатысы бар деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. 2023 жылы 10 тамызда Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты құзырлы ведомство екі құқық бұзушылық жайты болғанын ресми түрде мәлімдеді.

"Бірінші жағдайда, бейнежазбада көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамызда болды. Ешқандай арыз түскен жоқ, құқық бұзушылық әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында анықталды. Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. 1990 жылы туған азамат К. Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі 1952 жылы туған, зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады. Прокуратураға ешқандай қатысы жоқ", делінген хабарламада.

Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес "Ұсақ бұзақылық" бойынша 7 тәулікке қамауға алынды.

"Екінші бейнеде басқа азамат бейнеленген. Атап айтқанда, 1989 жылы туған азамат Б-ның әкесі жоқ, анасы - зейнеткер. 2023 жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар келді. Алайда, дүкен иесі жергілікті тұрғын мән-жайды анықтау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартты". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Осыған байланысты, полиция баршаны тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. 

Айта кетсек, әлеуметтік желіде гүл сататын дүкен сатушысына тап берген мас ер адамның видеосы тарады. Видеоға пікір қалдырушылардың бірі оны "прокуратура қызметкерінің ұлы" екенін айтқан.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: