Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қос қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Instagram/meirman_shekeyev_halyq_zangeri
Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ақпаратты адвокат Мейірман Шекеев жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Адвокаттың айтуынша, бұл - Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. 

"...Арнайы осы мәселені алғашқы болып көтерген "Көреміз"бағдарламасына, соның ішінде әрдайым мені ұмытпайтын Руслан Өтеппай бауырыма, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, соның ішінде КР Кореядағы консулдары Аслан, Бауыржан бауырларыма бәріңе,бәріңе мың алғыс", деп жазды адвокат Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, 2002 және 2005 жылы туған екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға 2023 жылы 25 наурызда Өзбекстаннан ұшып барған. Құжаттарындағы қателікке байланысты оларды елге кіргізбей, Инчхон халықаралық әуежайының депортация залына жіберген. 

Қайтар рейсті күткен олар ұшу-қону жолағына жақын орналасқан 3,5 метрлік қоршаудан секіріп өтіп, қашып кеткен. 

Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындап, отбасыларын асырау мақсатында жұмыс істеу үшін ұшып келгендерін айтты. Олар шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыпталады. Ұсталғандар - Түркістан облысының тумалары.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды