Астанада үш зейнеткерді алдап, 3 млн теңгені иемденген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Бір күнде Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақша алған деген астаналық азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола полицейлері "курьерді" Астана қаласындағы тұрғылықты жерінен ұстады.

"12 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық фактілері бойынша бірден үш өтініш түсті. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты. Өтініш берушілердің айғақтары да ұқсас болды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалар жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлағаннан кейін, алаяқтар мәселені шешулері үшін белгілі бір ақша сұраған. Дабыл қаққан қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшаларын берген", делінген хабарламада.

Екі жағдайда 1 млн теңгеден, үшіншісінде алаяқтарға берілген ақша 1,2 млн теңге болған.


"Ұсталған адам бұл ақшаны алып, содан кейін аталған шоттар бойынша алаяқтарға аударып, пайызын алып қалған. Тергеу барысында анықталғандай, дроппер қылмыс жасап жатқанын білсе де, ақшаны қайдан және қай уақытта алуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды өзінің жұмыс берушісінен алған", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Барлық үш фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев