Түркістанда жұмыс беруші қол астындағы жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған

Сурет: Zakon.kz
Түркістанда қол астындағы жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, жергілікті тұрғын белгісіз біреу өз атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтып арызданған. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде ол бір тәулік ішінде анықталып, полиция басқармасына жеткізді.


"Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында. 
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды