Қару-жарақ арсеналы, есірткі плантациясы: Алматы облысында ауыл тұрғыны ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақбайлау ауылының аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіні 2023 жылы 25 тамызда Алматы облысы ПД Есірткіге қарсы күрес қызметкерлері өңірдегі ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп анықтады.

"Аталған дерек ҚР ҚК 300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. 1951 жылғы Д. есімді жоғарыда аталған учаскенің иесі ұсталды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Күдіктінің ауданы 1 гектар жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды. Тәлкіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 тоннаны құрады.


"Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5, 56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді. Дерек негізінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды", - деді облыстық ПД бастығы.

Барлық фактілер бойынша тиісті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін