Алматыда дүкен ішінде бойжеткеннің омырауын ұстап алған ер адам Атыраудан табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда дүкенде бойжеткеннің омырауын ұстап алған ер адам Атырауда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамызда Алматы қаласында супермаркеттердің бірінде бойжеткеннің кеудесіне қол салған ер адам Атыраудан анықталып, ұсталды.

"1988 жылғы Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Алматыда қызға қырындамақ болған курьердің басы дауға қалғаны хабарланған болатын. Ол мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның жамбасынан "салып" жібереді.


Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді