Қызылордада Елтай арнасының бойынан екі есірткі алқабы мен қару табылды

Сурет: polisia.kz
31 тамызда Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты Елтай арнасының жағасында екі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші алқаптан 33 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны 106 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұсталды. Екінші алқапта 35 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдік еккен 53 жастағы сол ауданның тұрғыны құрықталды.

Бұдан бөлек бұл алқапта 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталды.

106 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес, 43 келі 200 грамм, ал 35 түп сораның салмағы 17 келі 440 грамм болып шықты.

Бұл оқиғалар бойынша ұсталған күдіктілер аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау бөліміне қамалды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды