Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан "Сансет" мейрамханасында сағат 00:30 шамасында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бетперде таққан 4 адам ғимарат ішінде Макаров тапаншасынан оқ атқан. Бір адам қарнынан, ал екіншісі аяғынан жарақат алды, деп хабарлайды Zakon

Полиция бұл фактіні Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы тіркеп, тергеп жатқанын мәлімдеді.

"Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Күдіктілердің бірі қамауға алынғаны, қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатыны да нақтыланады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды