Жетісу облысында сегіз айлық бала іздестіріліп жатыр

Желіде қоғам қайраткері Динара Таңсәрінің Қаскелең және Талдықорған қалаларының прокуратурасы, полициясы қызметкерлерінен, сондай-ақ балалар омбудсменінен әкесі ұрлап кеткен баланы іздеуге көмектесуді сұраған видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода қоғам белсендісі жоғалған қыздың сегіз айлық әрі әлі де емшекте екенін айтады. Баланың әкесі қайын енесін ұрғаны үшін 15 күндік әкімшілік қамауға алынған. Динара Таңсәрі агрессивті әке баланы бір жерде жасырып отыр деп санайды. 


Талдықорған қалалық полициясы уақытша ұстау изоляторында 31 тамыздан бастап Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғыны қамауда отырғанын растады. Ол әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 15 тәулікке қамауға алынған. Ер адам Талдықорғанда 33 жастағы жұбайы мен оның анасына қатысты жасаған "Денсаулығына қасақана жеңіл залал келтіргені" үшін ұсталған. 

"Қыркүйек айының басында әкімшілік соттың қаулысымен ұсталған ер адамның жұбайы тағы да Талдықорған қалалық полициясына шағымданған. Ол 12 тамызда Қаскелең қаласында ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалынан кейін күйеуі алып кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта баланы іздеу шараларына Талдықорған мен Қаскелеңнің де полицейлері ат салысып жатыр", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД.

Жиналған материалдар Қарасай аудандық ПБ--ға қарау және процестік шешім қабылдау үшін жіберілді.

Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: