Жетісу облысында жол үстінде белгі салып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Сурет: Instagram/zhetysu.police
22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жол бойына белгі салып жүрген жол қызметінің жұмысшысын қағып мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жол апаты "Алматы– Өскемен" тас жолының 410-шы шақырымында орын алды.

"22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол ұйымының қызметкері бұл мезетте жолдың бір бөлігіне белгілер салып жүрген. Ер адам оқиға орнында қаза тапты".  Жетісу облысы ПД


Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, ал жол апаты фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады