Динара Зәкиева балалар зорлығына қатысты қатаң шараларды жариялады

Сурет: pexels
Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл құжат Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңес аясында ұсынылғанын түсіндірді.

"Қыркүйек айында заң жобасын ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен түрлі сайттарда талқыланып, кейін оны үкіметтің қорытындысына, сараптамаға жолдау жоспарланып отыр. ҚР парламенті мәжілісінің жұмыс топтарында да талқыланады. Біз барлық мүдделі сарапшыларды және қоғамдық ұйымдарды талқылауға шақырамыз. Өтінішті тікелей маған жеке жіберуіңізді сұраймын".Динара Зәкиева

Қорытындылай келе, Зәкиева заң жобасының негізгі ережелерін (4 Кодексте және 10 заңда барлығы 55 позиция) жариялады.

Заң жобасы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны күшейтуді қарастырады:

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мемлекет басшысы ретінде мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны күшейтуді талап етемін", - деді.

Оның айтуынша, жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, балалардың киім-кешек, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет. Кейінірек Балалар омбудсмені мемлекет басшысының Жолдауына түсініктеме беріп, Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды