Сарыағаштағы былық: Қауіпті қылмыскерге жеңіл жаза берген сот төрағасы жұмысынан босатылмақ

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыағашта 10 жыл отырып шыққан азаматқа шартты жаза берген аудандық сот төрағасы креслосын босатпақшы. Нұрғазы Шетенов қызметінен өз еркімен кету туралы арыз жазды. Аудандық сот төрағасын қызметінен кетіруді бұған дейін Сарыағаштың халқы талап еткен болатын. Себебі шілде айында ойнап жүрген бес жасар қызды ішімдікке сылқия тойған көршісі алдап үйіне шақырып, зорлап өлтірген. Ауыр қылмыстың алдында Сайдолим Гаибназаров біреудің басын балтамен ұрып жарған. Бірақ бұрын да 10 жыл отырып шыққан қауіпті қылмыскерге Нұрғазы Шетенов небәрі үш жыл шартты жаза кескен, деп хабарлайды КТК.

"Егер азғын сол кезде сотталып кетсе, қызымыз аман қалар ма еді", - дейді қара жамылған отбасы зор өкінішпен.

Нұрғазы Шетеновтің өз еркімен жұмыстан босатуды сұрап, өтініш білдіргенін Жоғары Сот кеңесінің баспасөз қызметі де растады.


"Н.Б. Шетеновтің Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы лауазымынан босату туралы өз еркімен білдірген өтініші бізге 7 қыркүйекте келіп түсті және ол кеңестің алдағы отырысында қаралатын болады", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Күні кеше сот үкімімен 48 жастағы қылмыскер өмір бойына сотталды

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі