Антикор Шымкенттегі зообақ қызметіне тексеру жүргізетін болды

Сурет: pexels
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағын тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған зообақтағы жануарларға азық сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуы себеп. Волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша зообақта жануарларға қажетті етті өзге мемлекеттік мекемелерге қарағанда әлдеқайда қымбатқа алатыны анықталды. Жалпы биыл мал азығына деп хайуанаттар бағына бюджеттен 309 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды "Хабар 24".  

"Бұл жерде сиыр етінің келісін 2800 теңгеге, қой етін 2500 теңгеге, ал жылқы етін 2900 теңгеге сатып алуды жариялап отыр. Бізді толғандырған сұрақ, неге бізде жануарларға бірінші сорттағы балғын еттерді қымбатқа сатып алуға көзделіп, балаларға, қарттарға, оңалту орталықтарындағы азаматтарға неге арзан еттер сатып алу жоспарланып отыр деген заңды сұрақ туындап отыр". Волонтёр Айжан Кесебаева


"Төмеңгі сорттағыларды алатын болсақ, ол 2-3 күнде сүйегімен ойнап жатқан кезде ұшыну болуы мүмкін. Ол көптеген анализдердің нашар шығуына алып келеді. Сол үшін бізде әр аңның түріне қарап, әртүрлі сорттағы еттер талап етіледі". Зообақтың бас бухгалтері Назым Түйчиева
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз