Түркістандық полицейлер үш күнде жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 13 дерегін анықтады

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жергілікті полиция қызметі басқармасы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Арнайы құрылған топпен табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарында жүйелі жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Сайрам ауданында – 5, Арыс ауданында – 3, Келес ауданында – 4, Шардара ауданында – 1 дерегін анықтады.


Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Құқық бұзушыларға қатысты іс құжаттары жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы (Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) бойынша жауапкершілікке тарту үшін, экология департаментіне жолданды.


Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар шағал қиыршық тастарды жүк көліктеріне артып, алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды