Оралда бөгде адамдардың әйелдер түрмесіне қалай кіріп жүргені тексеріліп жатыр

Сурет: pixabay
Апатты жағдайда тұрған Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына қалай өтуге болатынын көрсетіп, видео түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымы Оралдағы №74 мекеме, яғни уақытша ұстау изоляторынан түсірілген деген видеоны жариялады. Видеода ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам ту сыртынан түсіріп тұрады. 

Видеоның авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді-мыс деп мәлімдейді.

"Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз", - делінген видео сипаттамасында.

Сондай-ақ, видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.  


БҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін айтады, алайда оның нәтижесі туралы дерек ұсынбады.

Оралдағы тергеу изоляторы 1858 жылы ІІ Екатерина патшайымның бұйрығымен салынған және қазіргі уақытта ол қаладағы апатты жағдайдағы ғимараттардың бірі жатады.  

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды