Талғарда ақ халаттыларды соққыға жыққан күдіктілер анықталып, қамауға алынды

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медициналық қызметкерлерді ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына тоғытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі


Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2023 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болған науқастың туыстары Талғардағы орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін сабаған. Зардап шеккен ақ халаттыларға сынық, көгеру диагнозы қойылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін