Абай облысында үш жыл бұрын жоғалған ер адамды өлтірген күдікті анықталды

Қылмыстық іс, кісі өлтіру, Абай облысы, жоғалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 13:44 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысының бетін ашты. Күдікті түрмеде өзге қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады. Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына осы кісі өлтіру қылмысын жасағаннан кейін басқа қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат ілікті. Оның ер адамның жоғалуына қатыстылығын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті. Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: