Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі қала маңындағы шипажай аумағында судан табылды. Күдікті ретінде оның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ирина Керн 20 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, ізім-ғайым жоғалған. Іздеу жұмысына сарбаздар, кинологтар да қосылған. Осыған дейін аяқ жететін жердің барлығы шарланған. Онымен бірге тұрған азаматтық некедегі күйеуі марқұмның үнемі үйден кетіп қалатынын айтып келген. Әйелдің денесі қаладан 22 шақырым жердегі күйеуі жұмыс істейтін шипажайдан табылған. Ол марқұмның денесін бөлшектеп, суға тастағаны айтылады. Қаскөй бірден ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Әйелдің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды, деп хабарлайды КТК.
"Адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың барлық мән‑жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында". Талғат Бақаев, Теміртау қаласы ПБ бастығы
Бұған дейін Алматыда жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript