Билік өкілдерін қорлады деп айыпталған Төреғали Төрәліге қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодекстің 378-бабы, 1-бөлімі, яғни билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот 2023 жылы 14 маусымда Майлин көшесінде "Lexus" маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады.

"Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды әрі бірнеше рет қойылған талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы билік өкілдерін қорлады. Айыпкердің кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдер арқылы дәлелденді: жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, бейнежазба және т.б", делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.⠀

Прокурор А-ны кінәлі деп тануды және 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер айыпкерге заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Айыпкер А. өз кінәсін мойындамады.⠀


"Сот жаза тағайындау кезінде іс бойынша айыпты жеңілдететін (5 кішкентай баласының болуы) және ауырлататын (есірткілік мас күйінде) мән-жайларды есепке алды. Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылды және оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды".Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек