Талдықорғанда тәртіп сақшылары концерт кезінде алаяқтардан қалай қорғану керектігін түсіндірді

Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда полицейлер ретро концерттің үстінде қала тұрғындарына интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған қаласының полициясы "Жастар" саябағында ұйымдастырылған ретро-концертте қала тұрғындарын интернет-алаяқтық мәселесі туралы кезекті рет ескертіп, қазіргі таңда түрлі бағдарламаларды қолданып, қашықтан алдау әдістері, алаяқтардан қалай өзіңізді қорғау керек екендігі туралы айтып өтті. Сонымен бірге жеке деректерді, банк картасының нөмірлерін, парольді және тағы басқа ақпаратты бермеу керектігі туралы айтылды. Концерт соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға тақырыптық брошюралар таратылды.

"Тәжірибе көрсеткендей, кез келген алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Алайда ең алдымен, егде жастағы адамдар олардың қармағына көп ілініп жатады. Ретро стилінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрермендердің жас санатына бағытталғандығын ескере отырып, біз оны қолдануға тырыстық және тиісті ескерту жасадық", – деді Талдықорған қаласы ПБ ЖПБ бастығы Жеңіс Мәлікбазаров.

Алаяқтық фактілерін тергеу кезінде құқық қорғау органдары Қазақстаннан тыс жерлерге ақша аудару, қылмыскерлердің бір реттік абоненттік нөмірлер мен телефондарды пайдалануы сияқты проблемаларға кезігеді, салдарынан бұл санаттағы қылмыстарды ашуға елеулі күш-жігер талап етілетіндігін қалалық полицияда атап өтті.


Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты